Среда, 18.06.2025, 14:52
Приветствую Вас Гость | RSS

Мектеп оқушыларына арналған веб сайт

Негізгі бет
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мақал-мәтелдер

Той-думан туралы
27.08.2014, 19:53

Тойдың болғанынан,
Боладысы қызық.
 
Тойға барсаң, тойып бар,
Бар жұмысты қойып бар.
 
Таз таранғанша,
Той тарқайды.
 
Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
 
Тойда тоныңды сұрама.
 
Той сылтауымен тон бітті.
 
Асқа барсаң — аш бар,
Тойға барсаң — тоқ бар,
Той қызығы — көкпар.
 
Аты, тоны сай кісі,
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.
 
Шақырусыз тойға барғанша,
Шарығыңды ки де, қойға бар.
 
Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.
 
Той тамағы — тәтті.
 
Көңілдінің үйінде
Күнде мейрам, күнде той.

Категория: Мақал-мәтелдер | Добавил: reqorg
Просмотров: 1170 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Сайтқа кіру
Іздеу

© 2025 Біз әрдайым сіздерге сапалы сабақтарды ұсынамыз.
Бесплатный хостинг uCoz